Екібастұзда облыстық пікірсайыс турниріне тіркелу басталды

Екібастұзда облыстық пікірсайыс турниріне тіркелу басталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жарыстың форматы – британдық парламенттік пікірталас, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық мектепішілік пікірсайыс лигасының мәліметінше, «Ekibastuz Open 2024» облыстық дода 1 маусым күні «Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешенінде британдық парламенттік пікірталас форматында өтеді.

Сайысқа 20-24 команда қатысады. Тіркелу формасында фракция атауын, қатысушының аты-жөнін, облыс, аудан/қаласын, мектебін, сыныбын, жетекшісінің аты-жөнін және телефон нөмірін белгілеу қажет. 

Тіркелудің шекті мерзімі – 27 мамыр.

Өтетін орны: Екібастұз қаласы, «Қайнар» ББК, Абай көшесі, 121а.

Тіркелу үшін +7(707)190-91-99 нөміріне немесе @debate.ekb «Instagram» парақшасының direct-іне жазуға болады.