Павлодар мектебінде балалар мен олардың ата-аналары «10 өмір сүрді»

Павлодар мектебінде балалар мен олардың ата-аналары «10 өмір сүрді»
Фото: автор

Бауыржан Момышұлы атындағы мектепте отбасылық кино кеші өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Көрермендерге Беккет атты мысық пен оның керемет шытырман оқиғаларын баяндайтын «10 өмір» анимациялық фильмі ұсынылды. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Естай Рысбектің сөзіне қарағанда, мектеп басшылығы отбасы институтын нығайтып, балалардың бойында мектепке деген құрмет сезімін оятуға үлес қосқысы келген.

Көрермендер қатарында аталмыш мектептің оқушыларынан бөлек, ата-аналарымен бірге келген қаладағы басқа оқу орындарының балалары да болды. Мысалы, ағайынды Арслан мен Дана Ғалымбектер № мектепте оқиды. Балаларға мультфильм ұнады.

Естай Рысбектің айтуынша, бұл тәжірибе әлі де жалғаса бермек. Бауыржан Момышұлы атындағы мектептің 6-сынып оқушысы Дмитрий Лышовтың анасы Гүлзира Арықова бұған дән риза.

- Мультфильм өте әсерлі, ұлыма да, маған да ұнады. Әрине, мұндай көрсетілімдер тағы болса, міндетті түрде балам үшін келемін, - дейді Гүлзира Арықова.

Айта кетейік, 2024 жылдың соңында Бауыржан Момышұлы атындағы мектепте Кеңес Одағының Батыры шығармашылығына арналған әдеби оқулар өткен болатын.