Баянауылдық робототехниктер Азия чемпионатында бақ сынайды
Аталмыш байқауға 200-ден астам команда қатысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Зейтін Ақышев және Шапық Шөкин атындағы жалпы орта білім беру мектептерінің оқушылары 2024 жылдың 23-25 ақпан аралығында Астана қаласында өтетін Орталық Азиядағы ең ірі «Central Asia FIRST Championship» чемпионатына қатысуға барады. Сайыста Орталық Азия, Түркия, Гонконг, Біріккен Араб Әмірлігі сынды елдерден келген 220 команда бақ сынайтын болады.
– Команда құрамына 10-нан 16 жасқа дейінгі оқушылар кіреді. Атап айтқанда, Асқар Еламан, Қайрат Әли, Әбдусәт Әлихан, Бәзтай Ердос, Нұрлыбекұлы Аманжол, Пәзіл Ақберен, Хамза Томирис, Исабек Нұралы. Олардың бірі робот құрастыруды бастағанына ай ғана болса, енді біріне бес жыл толған, – дейді мектеп басшысының тәрбие жөніндегі орынбасары Ләззат Әбішева.
Бұған дейін оқушылар облыстық, республикалық, халықаралық сайыстарда өнер көрсетіп, жүлделі орындармен оралған.