Ру-грим мен тақырыптық алаңдар: Павлодарлықтар Наурыз мейрамын қалай тойлайды?

Ру-грим мен тақырыптық алаңдар: Павлодарлықтар Наурыз мейрамын қалай тойлайды?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Биыл облыс орталығында 25 киіз үй тігіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Светлана Гладышева мәлім етті. 

– 22 наурыз күні орталық алаңда негізгі тойлау өтеді. Рамазан айы Ұлыстың ұлы күні мерекесімен тұспа-тұс келгендіктен, тамақ таратылмайды. Былтыр төменгі жағалауда «Ertis promenade» жанында киіз үйлер тігілген болатын, алайда ол жерде жел қатты соғады, ауа райының қолайсыздығын есере отырып, сахнаны және бүкіл іс-шараларды Сәтбаев көшесі бойында, орталық алаңға ауыстырдық, – деді Светлана Гладышева.

Мерекелік бағдарлама сағат 11:00-де басталып 13:00-ге дейін аяқталады. Павлодарлықтарды Наурыз мерекесімен арнайы шақырылған қонақтар – Роза Рымбаева мен Қайрат Нұртас құттықтайды. Ол үшін қалалық бюджеттен 10 миллион теңге бөлінді. 

– Павлодарда жалпы 25 киіз үй орнатылады. Соның ішінде, орталық алаңда тақырыптық алты киіз үй тігіледі, – деді Светлана Гладышева. – Киіз үйлерді, әртүрлі орындарды орнату үшін  20 наурыздана  22 наурызға дейін Сәтбаев және Астана, Лермонтов пен Естай  көшелері жабылады.

Алғашқы үш киіз үйде қазақтың ұлы жазушы, ақын, ғалым және атақты, белгілі тұлғаларға арналған көрме қойылады. Қалған үшеуін ағаштан, темірден жасалған бұйымдар, заттардың көрмесі, қолөнершілердің шеберлік сағаты, павлодарлық суретшілердің жылжымалы кескіндеме көрмелерімен безендіріледі. Киіз үй қалашығының аумағында бүркітшілер, ұлттық киімдегі алып батырлар жүреді. Тұрғындар атқа тегін міне алады. Балаларға пони, жылқы, қоян, түйе және басқа да жануарлардың жанында суретке түсу мүмкіндігі болады. 

– Жастар үшін Астана көшесі бойында он алтыбақан орнатылады. Кривенко, Қайырбаев, Сәтбаев көшелерінде асық ату, арқан тарту, аударыспақ, садақ ату, қол күрес, қазақ күресі, қой көтеру, жілік сындыру, тоғызқұмалақ сынды ұлттық ойындарға қатысуға болады, – деп атап өтті спикер.

Сондай-ақ, «Mobile Time», «Ру-грим», «Kazakh ART», «Наурызиада», «ТрендЅһор» атты бірнеше алаң ашылады. Ол жерде мобилография бойынша шеберлік сағатына қатысып, өзіңнің руыңды аквагрим қылып бетке жағуға, суретшілердің жұмыстарын көруге, заманауи өңдеудегі ұлттық бұйымдарды сатып алуға болады. Оған қоса этникалық стильдегі дефиле, қазақ батырларына арналған косплей ұйымдастырылады.