Павлодарға тікұшақпен жаңа туған нәресте шұғыл жеткізілді

Павлодарға тікұшақпен жаңа туған нәресте шұғыл жеткізілді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Сәбиге көмек қажет болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» тікұшағы Екібастұз – Павлодар бағыты бойынша санитарлық рейсті орындады. Жаңа туған нәрестеге шұғыл түрде мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін жеткізілді.

Ұшу медицина қызметкерлерінің бақылауымен өтті, кішкентай пациенттің жағдайы Павлодар қаласының дәрігерлеріне берілгенге дейін бақыланды.

Операцияны тәжірибелі экипаж құрамында: әуе кемесінің командирі Дулат Ахметов, екінші ұшқыш Азамат Қабден, борт механигі Мұхтар Жаумбаев, инженерлер Александр Әлмұхамедов және Темірлан Сибағатов орындады.

Мамандардың үйлесімді жұмысы мен жоғары дайындық деңгейі санитарлық рейстің қауіпсіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етті.