Павлодар облысында егде әйелдердің саны ерлерге қарағанда басым
Өңірде қарт тұрғындардың саны артып келеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазақстанда 65 жастан асқан тұрғындар қарт болып саналады. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, 2024 жылдың 26 сәуіріндегі жағдай бойынша облысымызда 85 214 қарт адам тұрады. Бұл – 668 719 тұрғынды құрайтын жас және орта жастағы тұрғындардың санынан шамамен тоғыз есе аз.
Өңірде егде жастағы әйелдердің саны ерлерге қарағанда әлдеқайда көп. 66 жастан асқан 55 418 әйел болса, ерлердің саны – 29 796 адам.
2023 жылмен салыстырғанда аймақтағы қарт тұрғындардың саны артып келеді. Өткен жылы өңірде қариялардың саны 77 364адам тұрған.