Президент Павлодар облысы кәсіпорындарының өнімдерімен танысты

Президент Павлодар облысы кәсіпорындарының өнімдерімен танысты
Фото: ҚР Президенті баспасөз қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтағы кәсіпорындардың өнімдер көрмесін аралап көрді, деп хабарлайды  @Рavlodarnews.kz.

ҚР Президенті баспасөз қызметінің мәліметінше, көрмеге тамақ және қайта өңдеу, ауыл шаруашылығы сондай-ақ металлургия, машина жасау, құрылыс индустриясы, мұнай химиясы және фармацевтика салаларындағы кәсіпорындар қатысты.

Сондай-ақ Президент бизнес-қоғамдастық өкілдерімен әңгімелесу барысында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуда серпіліс жасап, қажетті ынталандырулар мен преференцияларды пысықтау қажет екенін айтты.

Еске сала  кетейік, Мемлекет басшысы Екібастұз ЖЭО-дағы жөндеу жұмыстарын сапалы әрі уақтылы аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ қиын-қыстау жағдайда шыдамдылық танытқаны және апат салдарын жою кезінде азаматтық белсенділік көрсеткені үшін екібастұздықтарға алғыс айтты.