Павлодарлық ұстаз: Балаларымның болашағы үшін дауыс беремін
15 наурыздағы сайлауға қатысу – әр адамның азаматтық борышы, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ляззат Нұржанқызы облыс орталығындағы "Алтын кидс" балалар орталығында қазақ тілі пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді.
— Әр бала мен үшін қымбат. Оларды өз балаларым Аяжан мен Зере сияқты жақсы көремін. Қамқорлық танытамын, жүрегіммен қабылдаймын. Олардың дамуына отбасымызбен қолдау білдіреміз. Зере мен атасы үшін спорт – күнделікті өмірдің маңызды бір бөлігі. Ол дзюдомен айналысады. Ал Аяжан мен қызмет ететін орталықта би үйірмесіне қатысады. Мен балаларымның болашағы үшін 15 наурызда жаңа конституцияға дауыс беремін, - дейді ұстаз ана.
Ляззат Нұржанқызы ел мен балалардың болашағына бейжай қарамайтынын айтады. Әрі мемлекет үшін маңызды күнде таңдау жасау әрбір қазақстандықтың азаматтық құқығы және жауапкершілігі екенін атап өтті.