Палодарлық бүлдіршіндер бір сәтке мұғалім болып көрді
Облыстық байқауға 7-8 жастағы 10 шақты оқушы қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Б.Ахметов атындағы педагогикалық жоғары колледжінің базасында «Кіші сыныптарда оқыту» құзыреті бойынша «BabySkills-2024» үшінші облыстық чемпионаты өтті. Оған 7-8 жас аралығындағы тоғыз оқушы қатысып, бастауыш сынып мұғалімі туралы алғашқы түсініктерін бекітті және өзара жарысты.
– Сайыс тапсырмасы А, В, С модульдер сериясы тізбегін құрады. «А» модулінде қатысушылар «Бастауыш сыныптардағы мұғалім мамандығы, пәндер мен іс-әрекеттер және еңбек жағдайлары туралы не білемін» деген бағытта жауап берді. «В» модулінде сайыскерлер өздерінің ұйымдастыру, ынталандыру және өткізу қабілетін көрсетті. «С» модулінде қатысушылар еріктілермен «5 минутта үйретемін» сабағын өткізу қабілетін көрсетті, – деді Б.Ахметов атындағы педагогикалық жоғары колледжі директорының орынбасары Әсемгүл Әбішева.
Чемпионат қорытындысы бойынша қола жүлдеге Бауыржан Момышұлы атындағы мектептің оқушысы Сұнқар Дошмат, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектептің оқушысы Вадим Халитов ие болды. Күмісті Мәшһүр Жүсіп атындағы мектептің оқушысы Айтжан Алтын, Шапық Шөкин атындағы гимназия-мектептің оқушысы Талғатқызы Амира алды. Алтын медаль №39 мектептің оқушысы Виктория Медведева табыс етілді.