«Saryarqa samaly»-ның жаңа санында: ҰБТ: нәтиже қандай? Радио майталмандары
«Saryarqa samaly» газетінің 4 шілде, сейсенбілік нөмірінде жарық материалдарға аңдатпа ұсынамыз
Ертең, яғни 5 шілде күні елімізде ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) науқаны аяқталмақ. Республика бойынша ең жоғары балл 137 болса, Павлодар облысында әзірге жоғары балл 134 болып отыр. Қазіргі таңда екі мәрте тестілеуден өткен талапкерлердің алды білім гранты конкурсына қатысу үшін қабылдау комиссиясына құжаттарын тапсыруда. Алайда оларды мазалаған сұрақтар да баршылық. Тілшіміз бұл тақырыпты кеңінен тарқатып көрді.
Тәжірибе көрсеткендей, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ет жақындары ғана жанашыр болып, оңалту шараларының оң нәтиже беруіне үлкен көмегін тигізуде. Сол себепті отбасы мүшелерін жеке көмекші ретінде рәсімдеу мүмкіндігі ұсынылады. Олардың еңбегі төленеді, әлеуметтік аударымдар жасалады, ал жұмыс кезеңі зейнетақы тағайындау кезіндегі еңбек өтіліне есептеледі. Бұл туралы толығырақ – ертеңгі нөмірде.
Көпқабатты үйлердегі басты мәселелердің бірі – ескірген лифт. Оларды тұрғындар өз есебінен ауыстыруы тиіс. Ал әкімдік қажетті құжаттарды ресімдеуге көмектеседі. Бұл ретте пәтер иелері ай сайын қанша төлеуі тиіс? Сала маманы жауап берді.
Биыл аймақтағы ақпарат айнасының бірі – «Halyq radiosy» 85 жылдық мерейтойын атап өтуде. Осы орайда радионың дамуына сүбелі үлес қосқан бір топ азамат туралы арнайы мақала жарияланады. Сейсенбілік нөмірден оқыңыздар!
Сондай-ақ, жаңа шығарылымда «Шамшырақ» қосымшасы мен аймақтағы өзге де өзекті оқиғалар туралы материалдар топтамасы жарияланады. Бізбен бірге болыңыздар!