Павлодарда қазақша стендап байқауы өтеді

Павлодарда қазақша стендап байқауы өтеді
Фото: Павлодар жайдарман лигасы

Жүлде қоры – 300 мың теңге, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

24 қараша күні сағат 19:00-де Марғұлан университетінің акт залында облыстық ақпарат және коғамдық даму басқармасының қолдауымен қазақша Stand Up байқауы ұйымдастырылады. Бүгінгі таңда аталмыш байқауға 20-ға жуық қатысушы тіркеліп үлгерді. 

– «Менің тілім» қоғамдық қоры мен Павлодар жайдарман лигасы бірігіп Qaz Stand Up жобасын қолға алып отыр. Әлі де тіркеу жалғасуда. Келіп, қатысам, өнерімді көрсетем деушілер болса есігіміз ашық. Жалпы жүлде қоры – 300 мың теңгені құрайды, – дейді Павлодар жайдарман лигасының төрағасы Олжас Қоңыратбаев. 

Егер сіз өзіңіздің бағыңызды сынап, әзілқойлардың қатарында болуға лайықтымын деп санап жүрсеңіз 8 (777) 462-97-96 нөміріне хабарласып, байқауға қатысу үшін ниет білдіруге болады.