Шұғыл эвакуация: Павлодарға тікұшақпен миокард инфарктісімен ер адам тасымалданды
Науқас жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазавиақұтқару» әуе бөлімінің ұшқыштары санитарлық авиация дәрігерлерімен бірлесіп, 1971 жылы туған ер адамды Екібастұз қаласынан Павлодар қаласындағы медициналық мекемеге шұғыл түрде жеткізді. Ишемиялық жүрек ауруы және миокард инфарктісімен оны облыс орталығында мамандандырылған емдеу үшін жеткізу керек болды.
Ұшқыштар мен дәрігерлердің үйлесімді және жедел әрекеттерінің арқасында науқас аман-есен жеткізілді.
Ұшу мен пациентті тасымалдаудың қауіпсіздігін ТЖМ ұшқыштары – Керім Сәукенбек және Азамат Асылхан қамтамасыз етті. Әуе кемесінің техникалық сүйемелдеуін инженерлер – Шахабаев Даурен және Құдайберген Ербол жүзеге асырды.
Облыстық кардиоорталықтың мәліметінше, санавиациямен жеткізілген науқастың жағдайы ауыр. Оның жүрек соғу фракциясы төмен және коронарлық артериялардың көптамырлы зақымдануы анықталды. Ер адамға стенттеу операциясы жасалды. Қазіргі таңда ол жансақтау бөлімінде ем алуда.