Павлодар облысында былтырмен салыстырғанда ЖРВИ-мен ауырғандар саны төмен

Павлодар облысында былтырмен салыстырғанда ЖРВИ-мен ауырғандар саны төмен

Эпидемиологиялық маусым басталғаннан бері өңірде ЖРВИ-дің 68350 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Зәмзагүл Досжанованың айтуынша,100 мың тұрғынға шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші – 9048. Өткен жылдың осы кезеңінде ЖРВИ-дің 85360 жағдайы тіркелген.  

Биыл бір жасқа дейінгі балалар арасында жіті респираторлық вирустық инфекциялардың 1975 жағдайы, жүкті әйелдер арасында 117 жағдайы анықталған.  Облыс аумағында вирус айналымына мониторинг жүргізу кезінде апта сайынғы бақылау деңгейлерінен асып кету тіркелмеген, – дейді Зәмзагүл Досжанова.

1 жасқа дейінгі вакцина алмаған балалардың жалпы санынан – 24,6%, тұмауға қарсы қауіп тобындағы ересектерден – 75,4%, созылмалы аурулары бар балалардан – 16111, созылмалы аурулары бар ересектерден – 26000-нан астам, медицина қызметкерлерінен – 8000-нан астам адам және 2000-нан астам жүкті әйел, сондай-ақ жабық мекемелерде – 443 бала, қарттар үйлерінің контингентінен 1060 адам екпе алған. 

–  Тұмау ларингит, бактериялық пневмония, иммунитеттің тежелуі, ринит, синусит, жүрек және қан тамырлары ауруларының жедел отиті сияқты асқынулармен қауіпті. Әсіресе тұмау созылмалы аурумен ауыратын бір жасқа дейінгі балаларда және 65 жастан асқан ересектерде ауыр өтеді. Тәуекел тобына жүкті әйелдер де жатады, – деп атап өтті Зәмзагүл Досжанова.

Басқарма басшысының орынбасары тұмаудан болатын асқынулар мен өлім-жітімді төмендетудің жалғыз және тиімді шарасы вакцинация болатынын еске салды.