Павлодар облысында Конституция күні ХҚКО-лар жұмыс істемейді
31 тамыз кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар үшін жұмыс күні болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
109 қызметінің мәліметінше, мерекелеуге байланысты мамандандырылған орталықтарды қоса алғанда, халыққа қызмет көрсету орталықтары 30 тамыз – жұма күні жұмыс істемейді.
31 тамыз кезекші ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.
Дүйсенбі, 2 қыркүйектен бастап орталықтар азаматтарды әдеттегі кесте бойынша сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, кезекші ХҚКО-лар сағат 20:00-ге дейін қабылдайды. Бұл ретте, жұмыс күндері мамандандырылған ХҚКО-лар 18:00-ге дейін, сенбі күндері кезекші ХҚКО-лар 13:00-ге дейін жұмыс істейді.