Баянауылда балалар ТЖ кезінде қалай әрекет ету керегін үйренді

Баянауылда балалар ТЖ кезінде қалай әрекет ету керегін үйренді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жазғы демалыс лагерьлерінде балаларға төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіздік ережелерін үйретуге арналған профилактикалық іс-шара өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл шараны Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ақпараттық-насихат тобы мен Қызыл Жарты Ай қоғамының өкілдері бірлесе ұйымдастырды.

Іс-шара ойын және интерактивті форматта өтті. Балаларға өрт кезінде, судағы қауіп-қатерлер және терезеден құлау қаупі туындаған жағдайда қалай әрекет ету керектігі түсіндірілді. 

Алдымен төтенше жағдайлар қызметкерлері қауіпсіздік туралы әңгіме жүргізіп, практикалық тапсырмалар мен викториналар арқылы балалардың білімдерін бекітті. Командалық ойындарда балалар төтенше жағдайларда қалай дұрыс әрекет ету керек екенін, үрейге бой алдырмау жолдарын және есте сақтау қажет маңызды қағидаларды талқылады.

Сонымен қатар, эвакуация кезіндегі тәртіп пен алдын алу шаралары да түсіндірілді.