Жаңа жыл мейрамы қарсаңында Астанадан Павлодарға қосымша пойыздар жүреді

Жаңа жыл мейрамы қарсаңында Астанадан Павлодарға қосымша пойыздар жүреді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Құрам стандартты купе мен плацкарт вагондарынан тұрады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Ұлттық тасымалдаушы Тәуелсіздік күні мерекесі мен Жаңа жыл мейрамы қарсаңында қосымша пойыздарды қосады. Бұл жолаушылар тарапынан пойыздарға сұраныс еселеп артатынына байланысты қосымша пойыздарды бірнеше бағыттарға  қосады.

№7510/7509 Электр пойызының Астанадан Павлодар бағытында қосымша рейстері қосылады. 

– Пойыз елордадан осы жылдың 15, 29, 30 желтоқсанында, ал кері бағытта - 18 желтоқсан мен және 2024 жылдың 2 қаңтарында жүреді. Бұдан басқа сұранысы көп бағыттар бойынша техникалық мүмкіндік болған кезде жолаушылар пойыздарына қосымша вагондар қосылады,– деп хабарлады  «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінде. 

Сондай-ақ, қосымша пойыздар Астанадан Шымкентке және кері бағытта, Астанадан Алматыға және дәл солай кері бағытта жүреді. Құрам стандартты купе мен плацкарт вагондарынан тұрады. Анықтама ақпаратты «1433» нөмірі және «KTZH_PP_BOT» телеграмм бот арқылы алуға болады.