Павлодарлықтар үй жануарларын жеңілдікпен есепке қою үшін қайда жүгіне алады?
Үй жануарларын есепке алу иелерінің есебінен жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ветеринария басқармасының мәліметінше, иелері халықтың әлеуметтік осал топтары санатына жататын қаңғыбас үй жануарларын есепке қою мемлекет есебінен, яғни тегін жүзеге асырылады.
– Бұл қызметті тегін алу үшін белгілі бір топқа жататынын растайтын құжатты ұсыну қажет, – дейді басқармада.
Бүгінгі күні қызметті жеңілдетілген шарттармен облыстық ветеринарлық станцияда алуға болады. Мекенжайы: Қамзин көшесі, 352/1. Байланыс телефоны: 8 (7182) 66-38-20.
Аудандар мен Екібастұз, Ақсу қалаларында ветеринарлық станцияларға хабарласуға болады.
Еске сала кетейік, 2023 жылдың қыркүйек айынан бастап ҚР «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңның 11-бабына сәйкес үй жануаларын есепке алу міндетті ветеринарлық шара болып табылады. Аталған талапты орындамаудың салдары 10-20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу түрінде әкімшілік жауапқа тартуға әкеліп соғады. Егер бұл заң бұзушылық қайталанса, 20-40 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Мұндағы негізгі мақсат – қазақстандықтарды үй жануарларына жауапкершілікпен қарауға, оларды көшеге тастамауға және қатыгездікке жол бермеуге тәрбиелеу.