Қырда 10 сағат жүрген: Майқайыңда жоғалған адамның қалай табылғаны белгілі болды

Ер адамды табандылық пен балаларын көруге деген ұмтылыс құтқарған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Баянауыл ауданының полиция қызметкерлері іздестіру барысында Павлодар қаласының хабар-ошарсыз кеткен 47 жастағы тұрғынының орналасқан жерін анықтады. Алты баланың әкесі Майқайың кентінен 30 км қашықтықта далада табылған.
– Ол әбден әлсіреген күйде далада жүрді. Ашық далада шамамен 10 сағат өткізген, тоқтаусыз жүре берген. Полицейлер жедел іздестіру іс-шараларын ТЖД қызметкерлерімен, еріктілермен бірлесіп бастады, іздеуге жергілікті тұрғындар, туыстары мен әріптестері қосылды. Күні бойы даланы аралап, арнайы техниканы қолданды, – деді облыстық полиция департаментінде.
Еске сала кетейік, 29 сәуірде түнгі сағат 3-те Майқайың кенті полиция бөліміне ер адамның ағасы жүгінген. Ол ағасының жергілікті жерді зерттеу үшін жұмыс сапарымен өзінің Lexsus автокөлігімен Май ауданының Көктөбе ауылдық округіне кеткенін айтқан. Кейінірек таңғы сағат 9-да ер адам жұбайына қоңырау шалып, көліктің кептеліп қалғанын, жүргізуші көмекке барғанын, ал ол жолға шығып, қараңғыда бағдарын жоғалтып, адасқанын және ұялы телефонының қуаты таусылғанын айтқан.
Табылған адам полицейлерге және оны іздеуге қатысқан адамдардың барлығына үлкен алғысын білдірді.