Майқайың кентінде жоғалған алты баланың әкесі аман-есен табылды

Майқайың кентінде жоғалған алты баланың әкесі аман-есен табылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ер адам 28 сәуір күні жоғалып кеткен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Рашат Кенинді іздеу шараларына «Vita» еріктілернен төрт көлік, туыстары, таныстары, барлау қызметтері және жай ғана бей-жай қарамайтын адамдар, барлығы 20-дан астам көлік жұмылдырылды. 

Ол жұмыс бойынша жүргенде Майқайың ауылының маңындағы сортаңды жерде көлігі тұрып қалып, жоғалып кеткен. Таңертең  жұбайына қоңырау шалып, адасқанын айтқан, кейін телефоны сөніп тұрған. 

Туыстары жоғалған адамды тауып берген немесе ол туралы ақпарат ұсынған адамға 1 миллион теңге көлемінде  сыйақы жариялаған.  

«Vita» іздеушілер ұйымында Майқайыңнан 30 шақырым жерде алты баланың әкесі аман-есен табылғанын хабарлады.