Ертіс ауданында үздік дебатерлер анықталды
Республика күніне орай аудандық пікірсайыс турнирі өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Шараны Ертіс аудандық «Amanat» партиясының филиалы мен аудандық білім бөлімі бірлесіп ұйымдастырды.
Турнирде қазақ және орыс тілдерінде ойнайтын командалар бақ сынады. Жастардың бойына қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға, жауапкершілікті ұғынуға, туған өлке мен елдің мәселелерін талқылауға, шешуге, тәрбиелеуге арналған дебат ойыны өте тартысты болды.
Пікірсайыс американдық парламенттік формат бойынша өтті. Қызылқақ мектебінің «Парасат» және Ұзынсу мектебінің «Ділмар» командалары жеңіске жетті.
Қазылар алқасының шешімімен мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік шыққан командалар аудандық білім бөлімінің және «Amanat» партиясы аудандық филиалының дипломдарымен марапатталды.