Аққулыда мас күйде жүрген әйелге 40 мың теңгеден астам айыппұл салынды
Ол жыл басынан бері осындай құқық бұзушылық үшін екінші рет жауапқа тартылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы Аққулы аудандық сотының мәліметінше, 6 тамызда сағат 10:00 шамасында Аққулы ауылындағы дүкендердің бірінің жанынан алкогольдік масаң күйдегі әйел анықталған.
Медициналық куәландыру оның орташа дәрежеде мас болғанын растады.
Бұған дейін, биыл қаңтар айында, әйел қоғамдық орында алкогольдік масаң күйде жүргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Сот отырысында ол кінәсін мойындады.
– Іс бойынша мән-жайларды ескере отырып, сот оны ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 10 АЕК – 43 250 теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындады, – деп хабарлады сотта.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.