Екібастұзда өрт шыққан пәтерден адам құтқарылды

Екібастұзда өрт шыққан пәтерден адам құтқарылды
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Көпқабатты үйдің балконынан өрт шыққан, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми телеграм каналының мәліметінше, Екібастұз қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің бесінші қабатында балкон жанып, от іргелес балконға ауысқан. 

Өрт сөндірушілер баспалдақ маршымен бір адамды құтқарды. Өрт 22 шаршы метр алаңда толығымен сөндірілді. 

Зардап шеккендер жоқ.