Павлодар облысында дала өрті күшейе түсті
Шарбақты және Аққулы аудандарындағы дала орманшылықтарында бірнеше өрт тіркелді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, найзағай ұшқындарының салдарынан Павлодар облысының аумағында бірнеше өрт орын алды. Күннің ысуы мен құрғақ ауа-райының және қатты желдің салдарынан жағдай күрделене түсуде.
- Тілсіз жауды бақылау және бағалау үшін облыс әкімі Асайын Байханов пен төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы сол жерлерге аттанды, - делінген хабарламада.
Онда өрт ошақтарын оқшаулау және өрттің одан әрі таралуына жол бермеу бойынша қажетті іс-шаралар ұйымдастырылатын болады.
Суреттерді түсірген Алибек Дженалинов