Баянауылға астаналық театр ұжымы гастрольдік сапармен келді

Баянауылға астаналық театр ұжымы гастрольдік сапармен келді
Фото: @muztheatre.kz

Екі күндік сапар аясында музыкалық драма мен мюзикл қойылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Астаналық «Музыкалық жас көрермен театры» Жүсіпбек Аймауытұлының 135 жылдығына, Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына, Әлкей Марғұланның 120 жылдығына, Шәкен Аймановтың 110 жылдығына орай Баянауылға «Астанадан Баянауылға сәлем!» атты гастрольдік сапармен келді. 

Театр ұжымы келген бойда Баянауылдағы Қызылтаудың Найзатас деген жерінде Көпей шаңырағында дүниеге келген Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының басына барып, Құран бағыштап қайтты. 

2 қыркүйекте гастрольдік сапардың алғашқы күнінде баянауылдық көрермендерге  «Гауһартас» атты музыкалық драмасы ұсынылды.

Ал 3 қыркүйекте кешкі сағат 19:00-де С. Торайғыров атындағы Баянауыл аудандық мәдени-сауық орталығында «Шәмші» мюзиклі қойылады.