Астана күні Павлодарда Әлішер Кәрімов, DINAYA өнер көрсетеді

Астана күні Павлодарда  Әлішер Кәрімов, DINAYA өнер көрсетеді

Астана күнін мерекелеу аясында бірқатар шаралар ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz

Қалалық мәдениет бөлімінің хабарлауынша, 6 шілдеде Ertis Promenade сахнасында «Астана – Ұлы дала жүрегі» атты мерекелік концерт өтеді.

Кештің қонақтары Әлішер Кәрімов, DINAYA, Exclusive live band сынды қазақстандық жұлдыздар ән шырқайтын болады, – дейді қалалық мәдениет бөлімінде.  – Концерт кешкі сағат 19.00-де басталады. 

Сонымен қатар, қалалық мәдениет және демалыс саябағында  күндіз сағат 12:00-де «Астана – бақыт мекені» концерті ұйымдастырылады. 

«Batyr mall» cауда ойын-сауық орталығында сағат 15.00-де «Шаңырақ»  облыстық орталығы әртістерінің мерекелік концерті өтеді.