Екібастұзда 500 мектеп түлегі «Ақ бантик» әнін бірлесе орындады
Челлендж ұлттық мәдениетті ілгерілету және көрнекті акын Мұхтар Шахановтың шығармашылығын насихаттауға бағытталған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық білім беру бөлімі баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл акция жас буынның бойында рухани құндылықтарды қалыптастыруға және ұлттық өнерге деген құрметті арттыруға бағытталған.
– Сөзі Мұхтар Шахановқа, әні Шәмші Қалдаяқовқа тиесілі «Ақ бантик» әні қазақ музыка өнеріндегі ең танымал әрі халық жүрегіне жақын туындылардың бірі. Әнде жастық шақтың тазалығы, алғашқы сезім, мектеп өмірінің сағынышы мен балғын көңіл күйі көркем бейнеленеді. Туынды өзінің нәзік әуені, шынайы эмоциясы және бірнеше буынға жақын рухымен халықтың сүйікті әніне айналды, – деді ұйымдастырушылар.
Олардың айтуынша, бүгінде «Ақ бантик» – қазақ эстрадасының алтын қорына енген, уақыт сынынан өткен классикалық шығармалардың қатарында.
Түлектердің бұл өнері қала тұрғындары мен әлеуметтік желі қолданушылары арасында жоғары қызығушылық тудырды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram