Павлодарда мектепішілік бақылау ақсап тұр

Павлодарда мектепішілік бақылау ақсап тұр
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Мұғалімдер оқушыларға көп тапсырма жүктеп қояды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы қалалық білім беру бөлімінің басшысы Қуаныш Қыдыралин өзінің Instagram парақшасында жазды. 

– Елімізде нысаналы мектептерді дамыту жөніндегі ұлттық жоба іске асырылуда. Негізгі міндет – оқыту сапасын арттыру. Бүгінгі таңда бұл мәселе қаланың сегіз мектебінде байқалады, – деді Қуаныш Қыдыралин.

Ол жұмысының жарты күнін № 6 мектебінде өткізіп, математика және биология сабақтарында болды. 

– Жағымды әрі проблемалық сұрақтар бар, мысалы, мұғалімдер көп тапсырмаларды жүктеп, балалардың жеке жұмысын ескермейді. Уақытты басқару сақталмайды. Әкімшілікке келетін болсақ, мектепішілік бақылау мәселелері әлі де ақсап тұр. Мектептерді нысаналы дамытудың ұлттық жобасын іске асырудың құрылымдық пайымы жоқ. Осы орайда осы бағытта жұмыс жасайтын боламыз, – деді Қуаныш Қыдыралин.

Бас педагог Павлодар қаласының білім беру бөлімінде 2016 жылдан бастап жұмыс істейді. Ол бас маман болып бастап, оқу сапасында жетекшілік жасады. 

– Сол кезде республикалық ауқымда іске асырылып жатқан мұндай жобалар болған жоқ. Аймақтар мен мектептер өз деңгейінде жұмыс атқарып, жүйелілік болмады, – деп атап өтті ол.

Қуаныш Қыдыралин әдістемелік кабинетпен бірге мектепте өткізілетін сабақтардың сапасын бағалап, кестені, педагогтардың даярлауын зерделеді. Әдіскерлер мұғалімдердің кәсіби деңгейін арттыру бойынша семинар өткізді.

Сонымен қатар, ол мектеп оқушыларының ата-аналарымен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады. Айта кетейік, ағымдағы жылы №6 мектепте шатыр, спорт және мәжіліс залдары жөнделді. Дегенмен, жылыту, өрт дабылы және мектепті жабдықтау мәселелері әлі де өзекті болып қалуда.