Павлодар облысында барлық бағыттағы жолдар ашық
Қарағандыға шығар жолда тұрып қалған 120-ға жуық көлік жолға шықты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД мәліметінше, бүгін сағат 10:00-дегі ақпарат бойынша барлық бағыттағы жолдар ашық.
Соңғы болып ауа райының жақсаруына байланысты сағат 08:30-да Шідерті кентінен Қарағанды облысының шекарасына дейін барлық көліктің түрлеріне жол ашылды.
Шідерті кентінде жолдың жабылуына байланысты 80 жүк көлігі, 35 жеңіл автокөлік, 2 автобус барлығы 117 бірлік техника тоқтап тұрған болатын.
Фото: Константин Шелков