Екібастұздық танысын пышақтап өлтіргені үшін сотталды
Ол марқұмның кеудесіне көптеген жарақаттар келтірді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға ағымдағы жылдың мамыр айында Екібастұз қаласында орналасқан пәтерде орын алды. Д. мен М.-ның арасында жанжал туындап, оның барысында Д. пышақпен танысының кеудесіне көптеген жарақат салды. Соның нәтижесінде М. сол жерде қайтыс болды.
Прокурор сотталушыға 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленушінің өкілі прокурордың пікірін қолдады. Алайда, сотталушы өлтірудегі кінәсін мойындамай, оны ақтауды өтінді.
Сотталушының кінәсі іс бойынша жиналған дәлелдемелермен, сот сараптамаларының қорытындыларымен, куәгерлердің айғақтарымен расталды.
Сот сотталушының бұрын сотталмауын және кінәні ауырлататын мән-жайлардың болмауын ескере отырып, Д.-ны кінәлі деп танып, оған 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.