«Ертіс орманында» еліктер камераға түсті
Орманшылар аумақты кезекті аралау кезінде жабайы жануарларды кездестірді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Ертіс орманы» мемлекеттік ұлттық табиғи резерватының қызметкерлері жануарлар дүниесін қорғау мақсатында орман күзетімен күн сайын заңсыз аң аулау фактілерін жолын кесу және анықтау тұрғысынан аумақты патрульдеу жүргізіледі.
Орман қызметкерлерінің қырағы көздеріне шөптің арасында жүрген бес елік түсті. Жануарлар оларды түсіре бастағанын байқаған бойда, камераға тіке қарап қалған сәті бейнеге түсіп қалды.
Бұл ретте табиғи кешендер мен объектілерді қорғау қызметінің бөлімі тұрғындар мен қонақтарды «Ертіс орманы» аумағында аң аулауға тыйым салынатынын ескертеді.
– «Ертіс орманының» аумағы ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесіне ие және аң аулауға толығымен тыйым салынады,– деп хабарлады резерватта.
Айта кетейік, «Ертіс орманының» аумағында заңсыз аң аулаған жағдайда құқықбұзушылар 382-бап 3-бап бойынша әкімшілік жауапқа, сондай-ақ 337-бап 1-тармақтың 4-бөлігі бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.
Егер сіз табиғат қорғау заңнамасының бұзылуына куә болсаңыз 8 (7182) 77 78 32 және 8 (705) 601-96-80 телефон нөмірлері арқылы хабарласа алады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram