Ақсуда зертханада картоптың вируссыз тұқымы өсіріледі
Мұнда жыл сайын 45 мыңға дейін түтіктегі өсімдіктер өсіріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыс әкімінің орынбасары Айгерім Қабылтаева жұмыс сапарымен Ақсу қаласындағы бірқатар нысандарды аралады.
Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша делдалдық схемаларды жою және өнімді тікелей ауыл шаруашылығы өндірушілерінен өткізу үшін фермерлік базардың құрылысы жүргізілуде. Инвестор кәсіпкерлерге жеңілдікті шарттар бойынша бос алаңдарды ұсынады. Бұл – жергілікті өндірушілер мен фермерлерді қолдау және халық үшін сапалы өнімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін маңызды жоба.
«Тимур» ШҚ картоптың вируссыз тұқымын өсіруге арналған зертхана жұмыс істейді. Мұнда жыл сайын 45 мыңға дейін түтіктегі өсімдіктер өсіріледі. Бұл жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілерін жоғары сапалы отырғызу материалымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«АгроЛогистик» ЖШС ағымдағы жылдың соңына дейін картопты сақтауға арналған 10 мың тонна көкөніс қоймасының құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр.
Ақсу қаласының әкімдігіне барлық жобаларды бақылауда ұстау тапсырылды.
Еске сала кетейік, «Егіс даласынан сөреге дейін» қағидаты бойынша фермерлер базарларын Екібастұз және Ақсу қалаларында да салу жоспарлануда. Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты өсу қарқыны әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын қалыптастыруға оң әсер тигізеді.
Екібастұздың 31 шағын ауданында тиісті жер телімі бөлінген. «АРТПРОЕКТ ПЛЮС» ұйымымен келісімшартқа отырып, жобаны дайындау бойынша жұмыс басталған. Ақсу қаласында фермерлік базар салу мақсатында алаңы 0,3 гектар жер таңдалған.