Екібастұзда пышақ жарақатын алған әйелдің жағдайы белгілі болды

Екібастұзда пышақ жарақатын алған әйелдің жағдайы белгілі болды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оған медициналық көмек толық көлемде көрсетілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

9 қаңтарда кеншілер шаһарындағы пәтерлердің бірінде болған оқиға туралы полицияға хабарлама түсті.

Мекенжайға келген полиция қызметкерлері тұрмыстық жанжал барысында, болжам бойынша алкогольдік мас күйде, жанжалға қатысушылардың біріне бірнеше пышақ жарақаты салынғанын анықтады. Алған жарақаттарының салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды. Сонымен қатар тағы бір әйел пышақ жарақатын алып, медициналық мекемеге жеткізілді.

Күдікті «ізін суытпай» ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша адам өлтіру және адам өлтіруге оқталу фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 9 қаңтарда тірі қалған науқас Екібастұз қалалық ауруханасына  жамбас аймағында кесілген жарақаттармен түсіп, жедел түрде реанимация бөліміне жатқызылды.

Медициналық көмек толық көлемде көрсетілді. 11 қаңтардағы жағдай бойынша науқастың жағдайы тұрақты, оң динамикасы бар: ол есін жиып,  өздігінен тыныс алады.

Зерттеу нәтижелері бойынша қосымша патология анықталған жоқ. Науқас одан әрі емдеу үшін травматология бөліміне ауыстырылды.