Этно ауыл мен айтыс: Павлодар облысында Сәтбаевтың мерейтойы қалай тойланады?
Жыл бойы атақты жерлесіміздің 125 жылдығына орай бес жүзден астам іс-шара ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысында Қаныш Сәтбаевтың мерейтойын атап өту мен ұйымдастыру және өткізу бойынша шаралар жоспары бекітілді.
– Маусым айында Павлодар қаласы мен Баянауыл ауданында салтанатты шараларды өткізу жоспарлануда. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция, облыстың барлық қала мен аудандарының қатысуымен 125 киіз үйден тұратын этно ауыл құрылады,– деді облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасында.
Сонымен қатар, халықаралық ақындар айтысы, қолөнершілердің көрмесі, мерекелік концерттік бағдарлама, ұлттық спорт жарыстары өткізілетін болады.