Павлодарда Гоар Аветисянның шәкірті кәсіби бет әрлеуді үйретеді
Макияж маманы қыз-келіншектермен боянудың қыр-сырымен бөліседі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
8 ақпанда сағат 16:00-де Жастар бастамаларын дамыту орталығында «Creative Lab» жобасы аясында макияж бойынша шеберлік сағаты өтеді. Танымал ресейлік визажист Гоар Аветисянның курстарын алған Әсел Төлеубай шығармашылық және стиль әлеміне енудің бірегей мүмкіндігін ұсынатын болады.
– Макияждың сұлулық пен ғылым әлеміне енудің бірегей мүмкіндігін жіберіп алмаңыз, – деді орталықта.
Шеберлік сабаққа +7 (747) 257-76-24 нөмірі арқылы алдын ала жазылуға болады.