«Ertis Promenade» сахнасында Юрий Шатуновты еске алмақшы

Апталық бағдарламада – концерттер, ашық микрофон, би қойылымдары және спорттық жаттығулар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
18 маусым күні сағат 18:00-де «Шаңырақ» халық шығармашылығы және мәдени-демалыс қызметі орталығының шығармашылық ұжымдары есеп беру концертін өткізеді. Кешкі сағат 20:00–21:00 аралығында «Павлодар на спорте» жобасы аясында түрлі спорттық жаттығулар ұйымдастырылады.
19 маусымда сағат 19:00-де «Ertis Promenade» сахнасында ашық микрофон форматындағы кездесу өтеді. Кез келген ниет білдіруші шығармашылығын ортаға салып, көрерменмен тікелей байланыс орната алады.
20 маусымда сағат 18:00-де Юрий Шатуновты еске алуға арналған «Ветер перемен» тобының концерті өтеді.
21 маусымда таңғы 09:00–10:00 аралығында тағы да спорттық жаттығулар ұйымдастырылса, кешкі 19:00-де «Шернияз» би ансамблі өнер көрсетеді.
22 маусымда апта қорытындысын «Dala Sound» концерттік бағдарламасы түйіндейді.
Ұйымдастырушылар павлодарлықтарды белсенді қатысуға шақырады.