Кенжекөлде жаңа мешіт ашылады

Кенжекөлде жаңа мешіт ашылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Кенжекөл ауылының 95 жылдығына арналған «Келешегі кемел Кенжекөл» атты мерейтой өткізіледі, деп хабарлайды  @Рavlodarnews.kz.

Кенжекөл ауылдық округі әкімдігінің мәліметінше, 26 тамызында орталық алаңда мерекелік бағдарламада ұйымдастырылады. 

Сағат 10.00-де – жаңа мешіттің ашылуы;

Сағат  11.00-14.00 – «Ауылшілік көкпар», «Аламан бәйге» ат спорттық жарыстары (орман белдеуінің аумағы);

Сағат 12.00-18.00 – сауда қатарларының жұмысы;

Сағат  15.00 – 17.00 – Мерекенің салтанатты ашылуы.

Сонымен қатар Павлодар қаласы мен Кенжекөл ауылдық округінің шығармашылық ұжымдары өздерінің концерттік бағдарламасын ұсынады.

Спорттық жарыстар:

15.00-15.30 – «Арқан тартыс»

15.00-17.00 – «Қазақ күресі»

15.00-17.00 – «Қошқар көтеру»

15.00-17.00 – «Асық ату»

17.00-18.00 – Қазақстан эстрадасының жұлдыздары Меруерт Түсіпбаева және Гүлнұр Оразымбетованың қатысуымен концерттік бағдарлама;

18.00-20.00 – мерекелік би кеші.