Павлодар облысында қияр бағасы өсті
Өңірде азық-түлік тауарлары тобында нан өнімдері мен жарма бағасы 0,9 пайызға өсті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық статистика департаментінің мәліметінше, оның ішінде күріш – 4,4 пайызға, макарон өнімдері – 1,4 пайызға, қара бидай-бидай наны 0,7 пайызға қымбаттауы байқалды.
Ет өнімдерінің бағасы – 0,3 пайызға, оның ішінде сиыр еті, қой еті және шұжық өнімдері – 0,6 пайызға, құс еті 0,3 пайызға, жұмыртқа бағасы – 9,7 пайызға, сүт өнімдері – 0,2 пайызға қымбаттады.
– Көкөністер мен жемістерден қияр – 33,6 пайызға, қызанақ – 18,8 пайызға, алма – 2,9 пайызға өсті. Сәбіз – 18,1 пайызға, қырыққабат – 9,3 пайызға, картоп – 9,1 пайызға, пияз 5,9 пайызға арзандады. Сонымен қатар, күнбағыс майы мен қант бағасының 0,2%-ға төмендеуі байқалды, – дейді хабарламада.
Ал темекі өнімдерінің бағасы да 1,8 пайызға өскен.
Жеңіл автокөліктердің бағасы – 4,3 пайызға, фармацевтикалық тауарлар – 2,3 пайызға, киім-кешек пен аяқ киімдер – 1,9 пайызға, қатты отын – 0,8 пайызға, бензин 0,1 пайызға өсті.
Сондай-ақ, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласындағы суық су – 45 пайызға, ыстық су – 22,2 пайызға, орталықтан жылыту – 16,4 пайызға, кәріз тарифтері 12,4 пайызға қымбаттады.