Павлодар әкімі тұрғындармен көшпелі кездесулер өткізеді

Павлодар әкімі тұрғындармен көшпелі кездесулер өткізеді
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосурет

Хасар Хабылбеков қала тұрғындарымен 1-15 желтоқсан аралығында көшпелі кездесулер өткізеді. Қабылдауға мемлекеттік органдардың басшылары да қатысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қала әкімі аталмыш жиын туралы Instagram парақшасында хабарлады. Онда тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары тыңдалып, өзекті мәселелерді шешу жолдары қарастырылмақ.

– Кездесу барысында қала тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелерді талқылап, өтініштер мен ұсыныстарды қарастырамыз. Сондай-ақ проблемалық мәселелерді шешу жолдарын айқындаймыз. Баршаңызды кездесулерге қатысып, сұрақтарыңызды қойып, ұсыныстарыңызбен бөлісуге шақырамын, – деді Хасар Хабылбеков.

Барлығы 11 кездесу өткізу жоспарланған. Кездесулер мектептерде ұйымдастырылып, сағат 17:00-де басталады.

Кездесулердің кестесі:

– 1 желтоқсан – Зеленстрой, №37 мектеп, Ворушин көшесі, 6/2;

– 2 желтоқсан – Екінші Павлодар, №18 мектеп, Геринг көшесі, 79;

– 3 желтоқсан – Достық шағынауданы, №48 мектеп, Ладожская көшесі, 15/1;

– 4 желтоқсан – №24 мектеп, Н.Назарбаев даңғылы, 190;

– 7 желтоқсан – Лесозавод, №30 мектеп, Баян батыр көшесі, 27;

– 8 желтоқсан – Қ.Н.Бекхожин атындағы орта мектеп, Салтыков-Щедрин көшесі, 60;

– 9 желтоқсан – №5 мектеп, Лермонтов көшесі, 129;

– 10 желтоқсан – №22 мектеп, академик Шөкин көшесі, 27;

– 11 желтоқсан – №14 мектеп, Катаев көшесі, 36;

– 14 желтоқсан – №43 мектеп, Лермонтов көшесі, 95;

– 15 желтоқсан – Усольский шағынауданы, №25 мектеп, Майра көшесі, 49/1.

Айта кетелік, кездесуге барлық тұрғын қатыса алады. Онда өздерін толғандырған мәселелер бойынша сұрақ қойып, ұсыныс айтуға мүмкіндік бар.