Павлодар облысында әлеуметтік қорғау саласы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне тексеріледі

Павлодар облысында әлеуметтік қорғау саласы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне тексеріледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтарды талдау жүргізуге қатысуға шақырады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау Комитетінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды бастады.

Талдау шеңберінде департаменттің негізгі функцияларын іске асыру, оның ішінде медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу, мемлекеттік бюджеттен түрлі төлемдерді (зейнетақы, жәрдемақы және т.б.) тағайындау, мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, мүгедектіктің деңгейі мен себептерін зерделеу зерделенетін болады.

– Егер сізде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпарат болса немесе аталған саланы жетілдіру бойынша ұсыныстарыңыз болса, оларды dmdgs_pavlodar@mail.ru электрондық поштаға жіберуіңізді, 8771 305 30 43 (Whatsapp қосымшасымен) нөмірі бойынша хабарласуыңызды, немесе Қамзин көшесі, 37 мекенжайындағы «Antikor Ortalygy» фронт-офисі мекенжайы бойынша келуіңізді сұраймыз,– делінген хабарламада. 

Талдауды өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті департаментінің қызметкерлері және азаматтық қоғам өкілдері жүргізетін болады.