Павлодар облысында жұмысшы кәсіпорында көз жұмды
 
                                    Қайғылы оқиға «ЕЭК» АҚ филиалы – «Шығыс» кеніші жанар-жағармай қоймасының бақылау-өткізу қосынында орын алған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ЕЭК» АҚ корпоративтік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, жүк автоцистернасына техникалық бақылау жүргізіп жатқан кезде мердігер ұйым жүргізушісі кабина мен цистерна арасында жаншылып қалған.
Жүргізуші жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды.
Компания марқұмның туған-туыстарына қайғыра көңіл айтады.
 
                         
 
                    
                 
                    
                 
                    
                 
                    
                 
                    
                 
                    
                 
                    
                 
    
             
    
             
    
             
    
             
    
             
    
             
         
    
 
    
 
    
 
    
 
    
                                        
                                     
    
 
    
 
    
