Павлодарда жолдан жүгіріп өтпекші болған жаяу жүргіншіні автобус қақты
Зардап шеккен тұрғын ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 қаңтарда 16:45-те Лермонтов-Ак.Сәтбаев көшелерінің қиылысында «Huanghai» маркалы автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ол жолдың реттелетін жаяу жүргіншілер өткелінен жүгіріп өтпекші болған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді.
Полиция тергеуді бастады. Автобус айып тұрағына қойылды.