Павлодарда қараусыз қалған үй бесінші рет отқа орануда

Павлодарда қараусыз қалған үй бесінші рет отқа орануда
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Соңғы өрт бір сағаттай сөндірілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 тамызда сағат 07:45 – те Г.Дүйсенов көшесі, 383 мекенжайындағы қараусыз қалған тұрғын емес үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер дереу оқиға орнына барды. 

– Мекенжайда ағаш конструкцияларының және қоқысты жалпы алаңы 150 шаршы метрде өртенгені анықталды. Өрт сөндірушілердің үйлесімді және кәсіби әрекеттерінің арқасында өрт тез арада оқшауланып, оның көрші ғимараттарға таралуына жол бермеді, – деді департаментте. – Айта кетейік, осы мекенжай бойынша өрт бесінші рет шығып тұр. Осыған байланысты, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тиісті органдарға осы қараусыз тұрған объектіге қатысты шаралар қабылдау туралы ресми хаттар жіберілді.

Өрт сағат 08:59-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себептері анықталуда.