Павлодардағы музейдегі түн қалай өтеді?

Павлодардағы музейдегі түн қалай өтеді?
Фото: Константин Шелков

Келушілер үшін қызықты, театрландырылған көріністер қойылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Г.Н.Потанин атындағы тарихи-өлкетану мұражайының басшысы Арман Әлиакпаровтың айтуынша, дәстүрлі түрде өтетін бұл шараға биыл өзгерістер енгізілді. 

– Ел бойынша мыңдаған адам отбасымен баспанасыз қалған су тасқынының салдары аясында біз Қазақстан халқына қатысты ауқымды ойын-сауық шараларын өткізуді әдепсіз деп санаймыз, – деді ол.

Бұл жолы музейдегі түн 17 мамыр күні сағат 19:00-ден 22:00-ге дейін өтеді. Бұл күні өңіріміздегі ең үлкен мұражай – «ERTIS» мұражайы есігін айқара ашады. Сондай-ақ іс-шаралар өткен жылдардағыдай далада, мұражай алдындағы алаңда өткізілмейді.

Барлық көріністер мұражай ғимаратының ішінде өтеді. Келушілер театрландырылған экскурсияларға қатысады: Қаныш Сәтбаев, Қосым Пішембаев, Шәкен Аймановтың образдары жаңғырмақ.

Көрермендер сондай-ақ қазақ ғалымы, мифологиясының негізін салушы Серікбол Қондыбайдың еңбектеріне негізделген қазақ ертегілері мен аңыз-әңгімелеріндегі көптеген кейіпкерлерді көре алады.

Естеріңізге сала кетейік, «Музейдегі түн» Павлодарда дәстүрлі түрде 2015 жылдан бері өткізіліп келеді.