Павлодарлық университетте психологиялық тренинг өтті
Аталмыш іс-шара жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің жоғары мектебінде шеберлік-сыныбы ұйымдастырылды.
Білім ордасының тәрбие және әлеуметтік мәселелер жөніндегі вице-деканы Арай Рахимжанова оқытушылар мен студенттерге арналған жиынды «Жеке тұлғаны қалыптастыру және өзін-өзі тәрбиелеу психологиясы» тақырыбында өткізді.
– Адам қандай да бір жетістікке жету үшін өз ізіне жиі есеп беріп отыруы керек. Міне, осы қағидалардың барлығын теория мен практика жүзінде ұштастырып көрсеттік, - дейді «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының оқытушысы Арай Рахимжанова.
Оның айтуынша, мұндай тренингтер әсіресе студенттер үшін керек. Олар ортаға шығып, өз ойларын ашық жеткізуге дағдыланады.
Бұдан бөлек, семинар барысында жеке тұлғаның дамуы, әрбір іске бейімделуі, ортаға әсер ететін ішкі-сыртқа факторлар, өзін өзі дамыту, саралау мәселелері айтылды.
Айта кетейік, шеберлік сыныбына қатысушылар теориялық білім алып қана қоймай, алған ақпаратты іс жүзінде қолдануға мүмкіндік алды.