Павлодарда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Жәрмеңке барысында қала тұрғындары жұмыс берушілермен тікелей тілдесіп, өздеріне лайықты бос жұмыс орындарын таңдай алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық мансап орталығы баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл — кәсіпорын өкілдеріне сұрақтар қойып, еңбек жағдайын бірден талқылауға мүмкіндік беретін ашық алаң.
– Шараға қатысу үшін өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы шарт. Бұл құжат жұмысқа орналасуға ниет білдірген азаматтарды алдын ала тіркеу және кеңес беру үшін қажет, – деді ұйымдастырушылар.
Жиын Бектұров көшесі, 115Б мекенжайында орналасқан «Павлодар қаласының мансап орталығы» филиалының ғимаратында өтеді. Бос лауазымдармен танысуға ниетті жандарды мамандар 15 сәуір күні сағат 11:00-де күтеді.