Павлодарлық үш қалаға есірткі заттарын тасымалдады деген күдікпен ұсталды
Қылмысы анықталса ол ұзақ мерзімге сотталуы мүмкін, деп хабарлайды @Pavlоdarnews.kz.
Абай облысында 31 жастағы павлодарлық ұсталды. Ол Екібастұз, Ақсу және Семей қалаларында психотроптық заттарды жеткізді және сатты деген күдікке ілінді.
- Павлодарлықты Семей есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері Ұлттық ұланның арнайы бөлімшесімен бірлесіп "Ертіс" бекетінде ұстады, - деп хабарлады Polisia.kz. - Машинаны тінту барысында ұнтақ заты бар 67 полимерлі пакеттерге түйілген есірткі заты табылды. Сараптама бұл психотроптық a-PvP затының аналогы екенін көрсетті.
Алынған заттың жалпы салмағы 30 грамнан асады. Ұсталған адам Семейдегі уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сотқа дейінгі тергеп – тексеруді Қылмыстық Кодекстің 297-бабының үшінші бөлігі - "есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау" бабы бойынша тергеу жүргізіледі.
Павлодарлыққа 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр.