Сәтбаевтың туғанына-125 жыл: Павлодарда студенттер жұмыстарын көрмеге қояды

Сәтбаевтың туғанына-125 жыл: Павлодарда студенттер жұмыстарын көрмеге қояды
Фото:pixabay.com

Колледж студенттері түрлі стиль мен техникада орындаған 50-ден аса үздік жұмысты ұсынады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

8 ақпанда сағат 11:00-де облыстық кітапхананың «Айна» галереясында Қ.И. Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «Қазақ елінің жер қойнауынан» атты сурет көрмесі ашылады.

– Бұл көрмеге Павлодар көркемсурет колледжі студенттерінің кескіндеме, сурет, графикалық дизайндағы жобалау, интерьер дизайнындағы жобалау бойынша 50-ден астам үздік жұмыс қойылады, –  деді облыстық кітапханада. 

Айта кетейік, колледж студенттері қалалық, республикалық және халықаралық байқаулардың жүлдегерлері. Олар бұған дейін де облыстық кітапханаға жұмыстарын бірнеше рет көрмеге қойған болатын. 

Көрмені ақпанның 28-іне дейін тамашалауға болады.