Павлодарда әйел адам екі күн балаларын қараусыз қалдырған

Павлодарда әйел адам екі күн балаларын қараусыз қалдырған
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.   

9 және 11 жастағы екі бала екінші күн үйде жалғыз отырғаны туралы полицияға көршісі хабарлаған. Учаскелік полиция инспекторлары мен ювеналдық полиция қызметкерлері дереу шақырту орнына барған. Ақпарат расталды, балалар пәтерде жалғыз болған. Анасы таныстарымен бірге еңбек демалысын тойлап, балаларды қараусыз қалдырған.

Қауіпсіздік мақсатында балалар арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау өңірлік орталығына уақытша орналастырылды. Олардың денсаулығы мен психоэмоционалды жағдайы мамандардың бақылауында, – деп хабарлады полиция департаментінде.

Анасының орналасқан жері анықталғаннан кейін куәландыру жүргізілді, оның нәтижелері бойынша оның мас күйде екені расталды. Балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттерді тиісті деңгейде орындамағаны үшін анасы жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, оның мінез-құлқы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысында қаралады.