Павлодар облысында полиция жоғалған малды иесіне қайтарды

Павлодар облысында полиция жоғалған малды иесіне қайтарды
Фото: Константин Шелков

Олар ауылдан 15 шақырым қашықтықтағы дала аймағында жүрді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Пограничник ауылының тұрғыны полицияға жүгініп, қорадан түрлі жастағы төрт бас жирен жылқының жоғалып кеткенін хабарлаған.

Хабарлама түскен бойда Достық ауылдық округінің учаскелік инспекторлары іздестіру жұмыстарына кірісті. Дала аймағын тексеру барысында тәртіп сақшылары жаңа тұяқ іздерін анықтаған.

Учаскелік инспекторлардың кәсібилігі мен жергілікті жерді жақсы білуі малдың қозғалу бағытын тез анықтауға мүмкіндік берді. Нәтижесінде бірнеше сағаттың ішінде жылқылар ауылдан шамамен 15 шақырым қашықтықтағы дала аймағынан табылды. Барлық мал басы заңды иесіне қайтарылды.

– Полиция қызметкерлерінің жедел және нәтижелі жұмысы малды иелеріне қайтаруға және болашақта қылмыстың алдын алуға көмектесті. Полиция азаматтарды қырағы болуға, үй жануарларына дұрыс күтім жасауға және кез келген оқиғалар туралы дереу хабарлау керектігін атап өтті, – деді ведомствода.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылар малды таңбалау, жетондарды пайдалану ұсынып отыр. Бөтен малды ұрлағаны немесе қасақана ұстап отырғаны үшін заңнамада жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.