Павлодар облысында 500-ге жуық автокөлік жолда қалды

Жолда қалған саяхатшылар үшін ыстық тамақ пен шай ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде ауа райының нашарлауына байланысты Астана-Ерейментау-Шідерті автожолында (200-254 км) барлық көлік құралдары үшін қозғалысқа шектеу енгізілген болатын.
– Полиция тәулік бойы күшейтілген режимде қызмет етіп, қар құрсауында қалған жүргізушілерге көмектесті. Барлығы 500-ге жуық автокөлік жолда қалды, – дейді департаментте.
Оларға полиция, еріктілер мен ТЖ көмек көрсетті.
Полицейлер Ақмола облысының шекарасына дейін 150 жеңіл және бес жүк көлігінен тұратын бағанмен еріп жүрді.
Қазіргі уақытта Павлодар облысының барлық бағыттарында жолдар ашылды.